07.10.2026, 15:57
Саясат
Ұшақтағы 32 адамның бәрі қаза тапқан – Тоқаев Нигерия президентіне көңіл айтты
Апат бесінші қазан күні болған
Фото: Ақорда
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы Ақорда жазды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты. Мемлекет басшысы жеделхатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді», - деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге сала кетейік, биыл бесінші қазан күні Нигерияның Ондо штатында 25 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі бар әскери әскери базаның маңында апатқа ұшырап, 32 адамның бәрі қаза тапқан еді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
