Бұған дейін 5 мыңнан астам адамның жараланғаны туралы хабарланған болатын
Ливан астанасы Бейруттегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 154 адамға жетті. Бұл туралы «Хабар24» арнасы Sky News Arabia-ға сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін 149 адам қайтыс болып, 5 мыңнан астам адамның жараланғаны хабарланған болатын.
Еске салсақ, Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болған. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлердің, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері сынған.
Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы. Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған.
Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгені туралы хабарланған.