Тоқаев пен Омар Сұлтаны «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді
Бұл орталық ашылғаннан бері 90 елден алты мыңнан аса компания тіркелген
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, мәртебелі меймандарды орталықтың басқарушысы Ренат Бектұров қарсы алып, орталықтың жұмысын көрсеткен. Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды.
«АХҚО ашылғаннан бері Қазақстанға 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталықта 90 елден 6600-ден астам компания тіркелген. Бектұров ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы юрисдикциясындағы ерекшеліктер, АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитеттерінің, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығының қызметі туралы мәлімет берді», - деп хабарлайды Ақорда.
Жуық арада Орталықтың тәулік бойы консультациялық қолдау көрсететін AIDA (AIFC Intelligent Digital Assistant) интеллектуалдық ассистенті пайда болмақ. Тараптар және де исламдық қаржыландыру саласындағы мүмкіндіктерді талқыланған.