Ол енді президент әкімшілігінде жұмыс істейді
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараевты жаңа лауазымға тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Айта кетейік, Есқараев біраз уақыттен бері Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі еді. Дәлірек айтсақ, ол Қазақстанның Үндістан, Бангладеш, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив республикасы мен Непалдағы Төтенше және өкілетті елшісі болған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.
Елге келген Есқараев енді президент әкімшілігінде жұмыс істейді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.