Тоқаев әскердегі реформаны жалғастырып жатыр – бүгін Бас штабтың бастығы тағайындалды

Ол сондай-ақ Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болады

Тоқаев әскердегі реформаны жалғастырып жатыр – бүгін Бас штабтың бастығы тағайындалды
Фото: gov.kz

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын әрі Қарулы күштердің Бас штабының бастығын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорғаныс саласындағы ауқымды реформа аясында бұл лауазымға Айтқұрман Омарбеков келіп отыр.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босады.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күні президент Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен алып тастаған еді.