5-6 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Хайсам бен Тариқ Әл Саид келеді
5-6 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.