Қуанышбек Ысқақов ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада 4 шенеунік ұсталып, 60-тан астам сотқа дейінгі тергеу тіркелген. Сондай-ақ, Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс аяқталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының экс-әкіміне және облыс әкімдігінің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізгені белгілі. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, №2 Қызылорда қалалық сотына берілді», - делінген агенттік хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған қатысты «үйде қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандырды.