Қытайдың құрылғанына 77 жыл - Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлы Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше. Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Шанхайдағы жүздесу өзара ықпалдастықтың келешегіне деген ортақ көзқарасты бекемдеп, сан қырлы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге жол ашқанын атап өткен.

Президент Си Цзиньпиннің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.