Мемлекет басшысы Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Дәулет Ботагөз

Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі.