Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді

Автор: Бақыт Шынар

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

23-24 қыркүйек күні Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоқаев тиісті өкімге қол қойды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімле қол қойды. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бүгін президент Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіткен еді.