Мұрат Қалибекұлы ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшылық құрамында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.