Оның лауазымына Құрылтай келісім берген
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін Әлібек Қуантыровтың кандидатурасына келісім берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кейін Ақорда оның тағайындалғаны туралы Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы ол Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған еді. 2024 жылы ол бұл лауазымнан түскен болатын.