Ол Энергетика министрі болып қайта тағайындалды
Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Энергетика министрінің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысында ҚР Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін Ерлан Ақкенженовтің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.
Кейін Ақорда оны қайта Энергетика министрі ретінде тағайындау туралы Жарлықты жариялады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.