Нұрлыбек Нәлібаев Бектеновтің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Оның кандидатурасына Құрылтай келісім беріп отыр

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындау үшін Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.