Құрылтай Бозымбаевтың кандидатурасына келісім берді – ол қайтадан премьердің орынбасары болды
Оның тағайындалғаны туралы Ақорда да хабарлады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы келісім берді.
«Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды. Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.