Бұл туралы Ақорда хабарлады
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрін қайта тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ президент ішкі істер министрі қайта тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.