Президент әкімшілігінде жаңа тағайындау болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл жолы Жалпы бөлім меңгерушісі тағайындалды

Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің бөлім басшысын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкіммен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайыындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Қазақстанда вице-президент, премьер-министр және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалды.