Құрылтай Төрағасын сайлау басталды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл лауазымға президент Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған еді

Фото: скриншот

Дәл қазір жаңа Құрылтайдың жаңа төрағасын сайлау үшін жасырын дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылтай Төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтіп жатыр. Депутат арасынан санақ комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын және дауыстарды санау үдерісін қадағалайды.

Оның қорытындысы жарты сағат ішінде белгілі болады.