Бұрынғы «Қазпошта» басшысы Ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәкен Сәрсенов әр жылдары түрлі ведомство басшыларының орынбасары болған 

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сәкен Сәрсенов 1977 жылы қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген.

2010-2012 жылдары Ақпарат және байланыс вице-министрі;

2012-2014 жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі;

2015-2016 жылдары Инвестиция және даму вице-министрі;

2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникация вице-министрі;

2017-2020 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болған.

Еске сала кетейік, жақында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды