Беларусь шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті
Минск маңында Ресей Федерациясының 32 азаматы ұсталды. Оларды Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік қызметі «ЧВК Вагнера» әскери компаниясының мүшелері деп таныды. Кеше кешке шұғыл жиналыс өткізген Беларусь президенті Александр Лукашенко мұны «төтенше жағдай» деп жариялады. БАҚ ұсталғандар 9 тамызда өтетін кезекті Президент сайлауы кезінде елдің тыныштығын бұзуға келгенін деп жазып жатыр.
БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша, елге сайлау науқаны қарсаңында «тұрақтылықты шайқауға» 200 жауынгер келген.
«Олардың әрқайсысында кішкентай қол жүгі мен үлкен үш чемодан болды. Минскке 24-шілдеден 25-іне қараған түні келіп, қонақүйден 25 шілдеде шығуы керек болған. Бірақ 27-іне дейін болып, аумақтағы бір демалыс орнына көшіп кетті. Өздерін ұстауы қатардағы туристерге ұқсамайды, барлығы әскери үлгіде киініп алған. Спирттік ішімдік ішіп, көңіл көтеретін орындарға барған жоқ. Өздеріне назар аудартпауға тырысты. Қонақүй мен санаторийдің аумағын мұқият зерттеп жүрді. Бүгін түнде мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің «А» тобы ОМОН-ның көмегімен 32 адамды ұстады», - деп жазады агеннтік.
Ұсталғандардың ішінде кезінде Донбастағы қақтығыстарға қатысқан азаматтар да бар екені белгілі болды.
Беларусь Ресеймен арадағы шекараға қосымша күш тартып, қауіпсіздікті күшейтті.
Reuters агенттігінің мәліметінше, «ЧВК Вагнера» ұйымының мүшелері Таяу Шығыс пен Африкадағы қарулы қақтығыстарға қатысқан. Сирия, Украина үкіметіне жасырын бағынатын күштерге көмек көрсеткен. Әскери компанияда бұрынғы күштік құрылымдардың қызметкерлері жұмыс істейді.
Александр Лукашенко елдегі Президент сайлауы кезінде митингтер басталып, жасырын ұйымдар «майдан» бастауға тырысатынын бұған дейін де ескерткен.
БЕЛТА агенттігі ұсталған ресейлік азаматтардың аты-жөнін жариялады:
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан