ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ол «Болашақ» стипендиясы аясында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде білім алған

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Президенттік жастар кадрлық резервіне енген Сәттібаев Айбек Берікұлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Айбек Сәттібаев бүгінгі күнге дейін «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарып келген. Ол 1987 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі. А. Сәттібаев Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Т. Рысқұлов  атындағы Қазақ экономикалық университеті мен «Болашақ» стипендиясы аясында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде білім алған», - делінген хабарламада.

А. Сәттібаев сонымен бірге еңбек жолында Қазақстандағы түрлі банк мекелерінде, Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитетінің бас маманы, сарапшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, «Uly Dala» компаниялар тобы бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып еңбек еткен.

Еске сала кетейік, 29 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің екі бірдей орынбасары - Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметінен босатылған болатын. 

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Шыңғыс Мұқан тағайындалды. 

Сұхбат