Президент Қатардың бұрынғы әмірі Хамад бен Халифа Әл Танидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, оның ел дамуы мен қазақ-қатар ынтымақтастығына қосқан үлесін жоғары бағалады
Мемлекет басшысы Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды.
Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
«Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.