24.06.2026, 20:48
Саясат
Тоқаев бірнеше заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдарға қол қойды. Құжаттардың мәтіні ресми басылымдарда жарияланады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусым күні Қазақстан Республикасының бірнеше заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент мынадай заңдарға қол қойды:
- «Ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Машина жасау және көлік саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды