Қазіргі таңда жасөспірімдерге зорлық көрсеткен 1600 адам түрмеде жазасын өтеп жатыр
2019 жылдың соңында қазақстандық құқық қорғаушылардың есебінде 1 жарым мыңға жуық педофил және қыз зорлаған 2800 қылмыскер тіркеуде болған деп хабарлады «Хабар-24».
Қазіргі таңда түзеу мекемелерінде жасөспірімдерге зорлық жасаған 1600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Педофилдер туралы толыққанды ақпаратпен infopublic.pravstat.kz сайтында танысуға болады. Мұнда балаларды зорлап сотталған әрбір қылмыскердің аты-жөні мен фотосы жүктелген.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті аталған порталды бірнеше жыл бұрын іске қосқан.