25.07.2020, 11:15
Саясат
Ақтауда жол апатынан 3 жасар сәби көз жұмды
Автокөлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған
Ақтауда болған жол көлік оқиғасынан 3 жасар сәби қайтыс болды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізуші жылдамдықты асырып, салдарынан тізгінге ие бола алмай қалған және артынша темір қоршауға соғылған. Бұл сәтте көлікте жүргізушіден бөлек сәби мен оның ата-анасы болыпты. Ересектер айтарлықтай жарақат алмағанымен, кішкентай бала ауыр жараланып, оқиға орнында қайтыс болды.
Жүргізуші аталған отбасының танысы болған. Алкогольді ішімдік ішпеген және Орал қаласынан келген отбасылық жұпты күтіп алып, туыстарына жеткізіп тастамақ болған. Енді ол бала өлімі үшін 5 жылға сотталуы мүмкін.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 20:28
Петропавлдың қақ ортасында колледж оқытушысы бойжеткеннің алдында жалаңаштанып, әдепсіз әрекет жасаған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды