Тоқаев Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.