Төрт жыл өкілеттік, 42 өкілі мен теңдік: президент Халық кеңесі туралы заңға қол қойды

Президент сондай-ақ Астана мәртебесін айқындады

Төрт жыл өкілеттік, 42 өкілі мен теңдік: президент Халық кеңесі туралы заңға қол қойды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң мен Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңға сай, Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган саналады. Жалпыхалықтық диалогты және азаматтық қоғамның елдегі ішкі саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Кең ауқымдағы өкілеттікке, соның ішінде заңнамалық бастама көтеруге және жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынуға құқығы бар. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

Кеңес құрамында тепе-теңдік қағидаты негізінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 адамнан өкілдік етеді, оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Халық Кеңесіне Төраға басшылық жасайды. Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл.