Екі елдің президенттері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидисті сән-салтанатымен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.