Тоқаев Хорватия президентін құттықтады

Автор: Алмас Ерсін

Мемлекет басшысы Қазақстанның Хорватиямен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті», - делінген хабарламада.Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне

табыс, ал хорват халқына құбереке тіледі.