Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ат басын бұрды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 27 мамыр күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен келді. Сапар 27–29 мамыр аралығына жоспарланған.
Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.
28 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.