Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай Михаил Кавелашвилиді құттықтады

Автор: Алмас Ерсін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады

Фото: www.akorda.kz

Мемлекет басшысы Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвили мен Грузия халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан президенті құттықтау жеделхатында достық пен өзара қолдау байланыстарына негізделген қазақ-грузин ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Грузия халқына амандық пен өркендеу тіледі.