Астанаға Кения президенті келді

Автор: Алмас Ерсін

Ертең Ақордада екі ел басшылары келіссөз өткізіп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қоюы жоспарланып отыр

Фото: Ақорда

Кения президенті Уильям Руто Қазақстан еліне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ертең екі ел көшбасшылары жоғары деңгейдегі келіссөз өткізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Кения бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды деп күтілуде. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келген болатын.