Министрдің айтуынша, Халық кеңесі меморгандардың қызметін қайталамайды да
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы жайлы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру үшін жазылған.
«Жаңа Конституцияда Қазақстан халқының мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі ретінде ерекше рөлі бекітілген. Жаңарған конституциялық модельдің өзегінде – адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары тұр. Ата заңымыздың мазмұны мен логикалық құрылымына сүйене отрып, жаңа Конституция – шын мәнінде, халықтық сипатқа ие болғанын ешбір күмәнсіз айтуға болады. Жоғарғы консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы осының айқын дәлелі», – деді Сәрсембаев.
Министр атағандай, «Конституциялық заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде құқықтық мәртебесі айқындалады.
«Оның мақсаттары, міндеттері мен қызмет қағидаттары белгіленеді.Сондай-ақ, өкілеттіктері, ішкі құрылымы және қалыптастырылу тәртібі бекиді. Заң жобасының негізгі тұжырымдамасы – қоғам мен мемлекет арасындағы жалпыұлттық диалогтың тұрақты тетігін жүйелі түрде қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Халық Кеңесі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асырудың негізгі құралы ретінде айқындалып отыр», – деді ол.
Минимстр атағандай, бұл ретте ұсынылып отырған институт мемлекеттік органдардың қызметін алмастырмайды және олардың функцияларын қайталамайды.
«Ол – керісінше ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша келісілген ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге арналған пікір алмасу алаңы болады. Конституциялық заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің нақты ұйымдастырушылық моделі жазылған. Негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жоғары басшылық орган – Сессия болады. Оның құзыретіне заң жобаларын енгізу және референдум өткізу туралы бастамалар да кіреді. Сессиялар аралығында негізгі қызметті жүзеге асырып, шешімдерді дайындауды қамтамасыз ететін алқалы орган – төралқа жұмыс істейді», – деді ол.