Нұрлыбек Нәлібаев жуырда жаңа лауазымға тағайындалды
Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жуырда ғана оның орынбасары лауазымына тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаевқа сенім танытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең бірінші Бектенов Президент әкімшілігіне «кеткен» Роман Склярға алғыс білдірді.
«Өздеріңіз білетіндей, Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкіметтегі нәтижелі жұмысы үшін алғысымды айтамын және жаңа жауапты қызметте табыс тілеймін», - деді Бектенов.
Осы ретте премьер-министр су жаңа орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа сәттілік тіледі.
«Нұрлыбек Машбекұлы, жаңа қызметіңізде сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының сенімін толық ақтайсыз деп сенемін», - деді Бектенов.
Айта кетейік, өткен аптада президент әкімшілігі мен үкіметте ауыс-түйіс болған.