Тоқаевқа Мажарстан премьер-министрі алғыс айтып, хат жолдады

Автор: Алмас Ерсін

Петер Мадьяр екіжақты ынтымақтастықты түрлі бағытта нығайтуға дайын екенін мәлімдеді

Фото: Ақорда

Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Хатта Венгрия үкіметінің басшысы TISZA партиясының сайлаудағы жеңісіне байланысты жолданған құттықтауы үшін Тоқаевқа алғыс білдірген.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Венгрия үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес болып қала беретінін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты түрлі бағытта нығайтуға дайын екенін растаған.