Бірлескен отырыс 8 мамыр күні өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірлескен отырыс осы жұма, 8 мамыр күні өтеді.
«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.