Олжас Құдайбергенов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты», - делінген хабарламада.

Ол 2019 жылдың 7 желтоқсанында Президенттің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі боьған еді.