Ол Орта Азия елдерінің алдында тұрған бірнеше мәселелерді атап өтті
Бүгін Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орта Азия елдерінің алдында тұрған экологиялық проблемаларды қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз. Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді», - деді Тоқаев.
Президент атаған тығырықтар мыналар:
«Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін. Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді. Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң», - деді Тоқаев.