21.04.2026, 16:57
Саясат
«Өңірлік саммитке қатысады»: Астанаға Армения президентінің ұшағы келіп қонды
Бүгін сондай-ақ Астанаға Тәжікстан президенті келген болатын
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Ертең, 22 сәуір күні Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осы саммитке қатысатын елдердің президенттері бүгін Астанаға келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың келіп жеткені туралы ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі таратып отыр. «Армения Президенті Ваагн Хачатурян 22-24 сәуір аралығында өтетін 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға келді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін президент Қазақстанға сапарлай келген Моңғолия президентімен Ақордада тар және кең форматта кездесіп, бірқатар мәселелерді қозғады.
Көп оқылған
05.06.2026, 09:46
«Қазақ энциклопедиясын» меншіктеп алған: түрмедегі Мұхамедиұлының тағы да бір миллиардтаған былығы әшкереленді
05.06.2026, 10:40
«Әділдік іздеймін деп сотқа барған ағам қазір өлім аузында жатыр»: Ордабасыда күйінген мұғалім қарнына пышақ салды
05.06.2026, 13:59
«Ер Тарғынның сәйгүлігі»: әкімдік пен мәслихат «LRT» атауын «Тарлан Астана» деп ауыстыратын болды
05.06.2026, 10:53
Үздік 20 мұғалім Оңтүстік Кореяға барады: Астанада «EduAI: Педагогикалық хакатоны» басталды
05.06.2026, 08:25
Павлодар облысында көлік аударылып, бір бала қаза тапты