Тоқаев Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысады

Фото: скриншот

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.

Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.