Сапарлар мен саммиттер: Ақорда Тоқаевтың келесі аптадағы жұмыс кестесін жариялады
Президент сондай-ақ Аралды құтқару қорының жиынына да қатысады
Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, 20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.
Ал, 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу. Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді