Низар Амиди Ирак Республикасының президенті болып сайланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
«Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі», - деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.