«Тәртіп пен жүйе құрдымға кеткен»: ІІМ Атырау полициясының бастығын жұмысынан шеттетті

Одан басқа тағы бірнеше лауазым иесі қызметінен шеттеліп отыр

«Тәртіп пен жүйе құрдымға кеткен»: ІІМ Атырау полициясының бастығын жұмысынан шеттетті
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бүгін бірқатар ақпарат құралдарында Атырау облысының полиция департаментінде үлкен ауыс-түйіс болып жатқаны туралы ақпарат таралған еді. Azattyq Rýhy тілшісі ішкі істер министрлігінен ресми мәлімдеме алды.

Дереккөзге сүйенсек, расымен де тәртіпті өрескел бұзып, тиісті деңгейде жұмыс істемеген бірнеше адам лауазымынан шеттетілген.

«Қызметтік-әскери тәртіпь өрескел бұзылып, тиісті бақылаудың жоқтығы мен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмағанына байланысты, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүріп жатқанына назар аудартып отыр.