Тоқаев Жетісу облысының әкіміне жазға дейін Алакөл мен Балқаштың жағалауын жақсартуды тапсырды
Президент әкімді Ақордада қабылдады
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев Исабаеваға бірқатар тапсырма берді. Атап айтсақ, президент Жетісу облысының әкіміне Қытай Халық Республикасымен шекаралас «Достық» бекетіндегі және «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ Алакөл, Балқаш көлдері жағалауындағы демалыс орындарын, тау туризмін қарқынды түрде дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Бейбіт Исабаев болса, президентке облыстың әр саладағы жетістіктері мен болашаққа арналған жоспары туралы айтып берген.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторға қол жеткен.
Өңірге 610 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артық. Әкім сондай-ақ президентке Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарын таныстырды.
«2027 жылға дейін құны 94,4 миллиард теңге болатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, құс фабрикалары, мал бордақылау алаңдары, балық және жылыжай шаруашылықтары мен басқа да жобалар бар», - деген әкім президенттің алдында.