07.04.2026, 16:00
Саясат
Жеңіс Қасымбек кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа президенттің атынан «Құрмет» орденін табыстады
Динара Сатжанның күйеуі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазған
Фото: instagram.com/zhumabek_zhanykulov/
Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлаған Azattyq Rýhy.
Бұл марапатты оған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек табыстаған.
«Шырайлы Астанамыздың әкімі ел президентіміздің жарлығымен «Құрмет» орденін табыстады. Лайықтымын ба, лайықты емеспін бе, білмеймін!? Бірақ, мен үшін абырой және үлкен жауапкершілік деп білемін. Қазақстанымның, қоғамның дамуына қолымнан келгенше үлес қосуға дайынмын», - деп жазған ол.
Айта кетейік, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов былтыр танымал журналист Динара Сатжанға үйленген болатын.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 11:39
Талдықорғанда хайп үшін жолға қоқыс шашқан бойжеткен жазаланды (ВИДЕО)