$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 17:56
Саясат

Елбасы екі медициналық орталық құрылысына қаражат бөлуді тапсырды

Медициналық орталықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынады 

Елбасы екі медициналық орталық құрылысына қаражат бөлуді тапсырды
Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.  

Кездесу барысында Елбасы қазіргі экономикалық дағдарыстың Қордың барлық компанияларына әсер еткенін атап өтті.

А. Есімовтің мәліметі бойынша Қордың компаниялар тобы қызметкерлердің қысқаруына жол берген жоқ, барлық кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы коронавирус пандемиясына қарсы күреске барынша атсалысуы қажет деп атап өтті.

«Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде «Самұрық-Қазынаның» ішкі резервтерінен ірі мегаполистерде – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталықтың құрылысына қаражат бөлуді тапсырамын. Медициналық орталықтардың жұмысы ғылыми-зерттеу әлеуетін жұмылдыруға бағытталады. Бұл қадам келер ұрпақты ықтимал қатерлерден сақтап қалуға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайды деген сенімдемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус індетінен қайтыс болғандардың отбасыларына тағы да көңіл айтып, қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары