Шілде айында Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Автор: Бақыт Шынар

VietJet Air компаниясы аптасына екі рет Ханой – Алматы – Прага бағытында ұшады

Фото: freepik.com

2026 жылдың 11 шілдесінен бастап вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа рейс іске қосуды жоспарлап отыр. Рейс аптасына екі рет ұшады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша, алматылықтар Airbus A330 ұшағы арқылы Алматыдан Прагаға тікелей ұшып бара алады.

Бұл жаңа бағыт туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді деген болжам бар.

«Сонымен қатар, бұл рейс Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісін кеңейтуге жол ашады», деп сендірді министрлік өкілдері.