Бес жаңа заң және қолданыстағы 60 заңға түзету енеді: Конституцияға байланысты Қазақстанда не өзгереді

Автор: Бақыт Шынар

Премьер-министрдің айтуынша, 8 конституциялық заңға да өзгеріс енеді

Фото: Ақорда

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты 5 жаңа  және қолданыстағы 8 конституциялық заңға,  сондай-ақ 60-тан астам заңға,  оның ішінде негізгі кодекстерге  түзету енгізу керек. Бұл туралы бүгін үкіметте премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сөз басында ол қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

«Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып,  экономика мен қоғамның барлық саласын  одан әрі жаңғыртуға жол ашады. Бірлік пен әділдік,  Заң мен Тәртіп сияқты  негізгі құндылықтарды орнықтырып,  ұлтымыздың ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды. Ол еліміздің саяси жүйесіне  халықтың толыққанды қатысуына,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына,  адам капиталының,  ғылым мен мәдениеттің,  цифрлық ортаның сапалы дамуына,  экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді», - деді Бектенов.

Сондай-ақ ол үкімет парламентпен бірлесіп,  тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді  жаңа Конституцияға сәйкестендіру керек екенін айтты.

«Атап айтқанда,  5 жаңа  және қолданыстағы 8 конституциялық заңға,  сондай-ақ 60-тан астам заңға,  оның ішінде негізгі кодекстерге  түзету енгізу керек.  Сонымен қатар Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп,  бекіту қажет», - деді Бектенов.