Қазір құзырлы органдар ондай жазбалардың заңды не заңсыз екенін тексеріп жатыр
Бүгін Қарағанды облысында бір азамат онлайн платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізген. Прокуратура ол азаматқа айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Референдум-2026» телемарафонында Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы басшысы Бекжан Қараманов онлайн платформалардағы оқиғалар туралы айтып берді.
«Республикалық референдум процессі оқыс оқиғаларсыз тұрақты түрде өтуде. Бүгін Қарағанды облысында бір азамат онлайн платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізген. Ол заңсыз жазбаларын өшіріп, кінәсін мойындады. Сондықтан оған қысқартылған тәртіппен айыппұл салынды. Прокуратура органдары мағыналас жағдайларға, оның ішінде бюллетеньдердің фотосуреттерін онлайн платформаларға салу фактілері тіркеліп жатқанына назар аударады. Егер әрекеттерде құқық бұзушылықтар расталса, заңда белгіленген шаралар қабылданады», - деді Қараманов.
Ол сөз соңында прокуратура органдарына және соттарға референдумға қатысты өтініштер түспегенін атап өтті.