Бүгін, 16:15
Саясат
Референдум-2026: тізімге енген қазақстандықтардың 64,43% дауыс беріп үлгерген
Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында
Фото: Ақорда
Бүгін, 15 наурыз күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 8 миллионнан астам адам бюллетень алып үлгерген. Референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы бірінші орынға шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енген азаматтардың 64,43% тең», - деп хабарлайды Орталық референдум комиссиясы.
Жалпы, сағат 16:00-дегі жағдайға сай, статистика мынандай:
- Абай облысы 69,29%
- Ақмола облысы 71,33%
- Ақтөбе облысы 77,65%
- Алматы облысы 68, 23%
- Атырау облысы 64,33%
- Батыс Қазақстан облысы 60,61%
- Жамбыл облысы 70,31%
- Жетісу облысы 68,50%
- Қарағанды облысы 72,63%
- Қостанай облысы 70,96%
- Қызылорда облысы 82,02 %
- Маңғыстау облысы 68,19%
- Павлодар облысы 68,41%
- Солтүстік Қазақстан облысы 60,70%
- Түркістан облысы 72,3%
- Ұлытау облысы 66,50%
- Шығыс Қазақстан облысы 78,98%
- Астана қаласы 47,76%
- Алматы қаласы 28,16%
- Шымкент қаласы 72,61%.
«Сондай-ақ, Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған», - деп хабарлады ОРК өкілі.
Көп оқылған
14.03.2026, 13:49
Астанада жедел жәрдем фельдшерін ұрған ер адам ұсталды
14.03.2026, 21:17
Отбасының жоғалу құпиясын «ашты»: «Атырау хакері» Түркияда ұсталды